Астанада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бойынша өңірлік конференция өтеді

Астанада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бойынша өңірлік конференция өтеді

2018 жылдың 2 қарашасында Астанада «Басқарудың тиімді тәсілдерін қолдану, энергия ресурстарын үнемдеу технологиялары мен инновацияларды енгізу негізінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту» атты өңірлік конференция өтеді. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ және «ТКШ-ны дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС-гі ұйымдастырады.

Конференцияның мақсаты - өңірлерде, қалаларда және аудандарда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың проблемалары мен келешегі жөнінде диалог пен пікірталас алаңын құру. Қазақстандық сарапшылар мен ТКШ саласындағы жетекші мамандар Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына тұжырымдамалық өзгерістер енгізу, тұрғын үй қорын  бақылауды қамтамасыз ету, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару (КПТҮ), үйге ортақ есепке алу құралдарын орнату және ТКШ-ға цифрлық технологияларды енгізу сынды  тақырыптарды талқылайды. Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) өкілдері тұрғын үй қорын жаңғырту мен көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді қаржыландырудағы халықаралық тәжірибемен бөліседі.

Конференцияға уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, тұрғын үй инспекцияларының, коммуналдық кәсіпорындардың, кондоминиум объектілерін басқару органдарының (ПИК, басқарушы компаниялар, КПТҮ бастамашыл топтары) және халықаралық ұйымдардың  басшылары мен мамандары қатысады.

Конференцияға қатысты сұрақтар бойынша +7 (7172) 999449 ішкі нөмірі 2554 (Индира Рахимова), 999449 ішкі 1274 (Асқар Каменов) байланыс телофондарына немесе i.rakhimova@zhkh.kz, a.kamenov@zhkh.kz. электрондық пошталарына хабарласуларыңызға болады.