Сингапур қаласында IAF-ILAC бас ассамблеясының бірлескен отырысы өтті

Сингапур қаласында IAF-ILAC бас ассамблеясының бірлескен отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму минитрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Шынар Қазыбаева бастаған Қазақстан Республикасының делегаттары 2018 жылғы 22-31 қазан аралығында Сингапур қаласында өткен ILAC (Зертханаларды аккредиттеу жөніндегі халықаралық ынтымақтастығы) және IAF (Аккредиттеу жөніндегі халықаралық форумы) Бас Ассамблеясының бірлескен отырысының жұмысына қатысты.

Қазақстан Републикасының аккредиттеу жөніндегі органы мүше болып табылатын ILAC және IAF – аккредиттеу саласындағы халықаралық ұйымдар.

Іс-шараға ILAC және IAF халықаралық ұйымдарына мүше  70-тен аса елдің екі жүздей делегаты қатысты.

Қазақстандық делегация құрамында: «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің бас директоры Мақсот Өмірханов, Бас директордың бірінші орынбасары Серік Құрманғалиев, Сапа жөніндегі басшылық өкілі, жетекші бағалаушы Гүлжан Аманжолова болды.

Жұмыс тобының отырысы мен бірлекен отырыс барысында келер жылдың ILACMRA және IAFMRA қаржылық есебі мен бюджеті, стратегиялық жоспарлары, жұмыс есептері мен аккредиттеу бағыттары бойынша жедел топтардың есептері  қаралды, сондай-ақ ILACMRA және IAF MRA келісімдері бойынша мәселелер,ұйымдардағы мүшелікті қолдау және  аккредиттеу саласындағы көптеген өзге де ағымдағы мәселелер талқыланды.

Бірлескен отырықа қатысумен қатар, 2018 жылғы 29 қазанда қазақ делегациясы тарапы Тайвань аккредиттеу жөніндегі органының (TAF)басшылығымен екіжақты жұмыс кездесуін өткізу туралы бастама көтерді. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің бас директоры Мақсот Өмірханов пен Тайвань аккредиттеу жөніндегі органының Президенті Chung-Lin Wang мырза GLP қағидаттарын енгізу, парниктік газдарды валидациялау және верификациялау, провайдерлердің және стандартты үлгілерді өндірушілердің біліктілігін тексеру (PTP) мәселелері жөніндегі ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға қол қойылды. Келешекте аккредиттеудің жаңа бағыттарын енгізу мәселелері бойынша тәжірибе алмасу жоспарланып отыр.

2018 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесі үшін маңызды оқиға болды, ол  IAF MLA персоналды сертификаттау органдарын аккредиттеу жөніндегі көптарапты тану туралы (ISO/IEC 17024) және APLAC  MRA медицина зертханаларын аккредиттеу жөніндегі Келісімдерге қол қойылуы (ISO 15189).

Мақсот Өмірханов пен IAF төрағасыЧао Джинхуа мырзамен персоналды ертификаттау органдарын аккредиттеу жөніндегі IAF MLA көптарапты тану туралы келісімге (ISO/IEC 17024) қол қойды.

Аккредиттеудің және сәйкестікті бағалаудың халықаралық жүйесіне сәйкес осындай келісімге қол қою шет ел жұмыс берушілері тарапынан Қазақстандағы  персоналды сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органдардың халықаралық стандарттарға сәйкестігіне сертификатталған мамандардың құзыреттілігіне сенімін тудырады.

APLAC төрайымы Дженнифер Эванспен медицина зертханаларын аккредиттеу жөніндегі APLAC MRA келісіміне (ISO 15189) қол қойылды.

Жалпы IAF MLA және APLAC MRA көптарапты тану туралы келісімдерге қол қою аккредиттеу нәтижелерін тануға техникалық негізді құрайды.

Генеральная Ассамблея IAF-ILAC состоялась в Сингапуре

Генеральная Ассамблея IAF-ILAC состоялась в Сингапуре