ҚР ИДМ Вице-Министрі Қ.Өскенбаев: «Заң жобасының мақсаты – үйлерді басқарудың ашықтығы мен түкш қызметінің сапасын арттыру»

ҚР ИДМ Вице-Министрі Қ.Өскенбаев: «Заң жобасының мақсаты – үйлерді басқарудың ашықтығы мен түкш қызметінің сапасын арттыру»

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың қатысуымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселесіне арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реформалау мақсатында Министрлік «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі. Оның жұмысына тұрғын үй құқықтық қатынастарының барлық өкілдері қатысты. Олардың қатарында тұрғындар, бизнес-қоғамдастық, заңнама институты, «Атамекен» ҰКП, Қазақстан Республикасындағы БҰҰДБ сарапшылары, тәуелсіз қауымдастықтар: пәтерлер мен үй-жайлар иелері, қызмет көрсету және энергетика қызметінің субъектілері, ПИКжәне үй-жайларреспубликалық қауымдастығы,Қауымдастықтар: Қазақстан қаржыгерлері, жоғары технологиялық, энергия тиімді және инновациялық компаниялардың өкілдері бар.

Вице-министр Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, заң жобасында ұсынылып отырған негізі мәселе – бұл «бір үй – бір мүліктің меншік иелері бірлестігі – бір шот» қағидасы бойынша көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа формасын құру.

Сондай-ақ, жаңа заң жобасында тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің де ортақ мүлікті күтіп ұстауға байланысты барлық ортақ шығындарға қатысуы қарастырылған.

««Бір үй – бір мүліктің меншік иелері бірлестігі – бір шот» көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару қағидаты бойынша тұжырымдамалық ұсыныс тұрғындардың тек өз үйлерін күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы жинауларына мүмкіндік береді», - деп атап өтті.

Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы саны 78 657. Оның ішінде қанағаттанарлық жағдайдағылары 53 089 үй. Күрделі жөндеуді қажет ететін үйлердің саны 20 437. Ал, апатты жағдайда тұрған үйлердің саны 2 176.

2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 2 669 үй немесе 3,4% жөнделді, 489 үй немесе 3% қайтарылмалы қаражат есебінен жөнделді. Тұрғын үй заңнамасына сәйкес көппәтерлі тұрғын үйлерді басқаруды 14 938 басқару органы жүзеге асырады.

«Заң жобасында жергiлiктi органдарға өңiрге, халықтың тұрмыс деңгейiне, аймақтағы орташа жалақыға және көппәтерлi тұрғын үйлердіңконструктивті жобалау ерекшелiктерiне байланысты пайдалану шығындарының ең төменгi мөлшерiн белгiлеу құзыретi беру көзделген, өйткені, өкінішке орай тұрғындар жиналысымен тарифтерді 8 және 10 теңге көлемінде белгілеу фактілері де бар. Бұл бүгінгі күні ортақ мүлікті ең төменгі санитарлық талаптарға сәйкес күтіп ұстауға мүмкіндік бермейді», - деді заң жобасы бойынша баяндаған Инвестициялар және даму вице-министрі.

Заң жобасында жергілікті атқарушы органдарға қалаға бірыңғай сәулеттік көрініс беру үшін жергілікті бюджеттен қасбеттер мен шатырларды жөндеуге, су басу аймақтарындағы тұрғын үйлердің беріктігін жақсартуға, қайтарымды негiзде мүлiктің меншік иелерi бiрлестiгi қатысушыларының шығындарын өтеу арқылы жергілікті бюджет есебінен лифтілерді ауыстыру және жөндеу жұмыстары бойынша қосымша өкілеттіктер беру көзделген.

Сондай-ақ, заң жобасында тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің қызметін жетілдіру қарастырылған. Қаржы пирамидаларын құруға жол бермеу үшін азаматтар бірлестігінің формасы ретінде тұрғын үй кооперативтерін таратып, тек тұрғын үй құрылысы кооперативтерін қалдыру ұсынылады. Ол бір ғана көппәтерлі тұрғын үйді (кешенді) салу үшін құрылады. Ал тұрғын үй кооперативі мүшелерінің саны салынып жатқан  көппәтерлі үйдегі пәтерлер санынан аспауы керек.

Бұдан бөлек, заң жобасы кондоминиум объектілерін басқару органдарын үй-жай иелері тарапынан бақылауды қамтамасыз ету үшін және меншік иелері, басқарушы компаниялар, сервистік ұйымдаржәне әкімдіктер арасында өзара іс-қимылды жақсарту үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының ақпараттық жүйесін құруды көздейді.

2018 жылы Қазақстанның әр өңірінде пилоттық жоба іске асырылады. Қазіргі уақытта оған қатысу үшін ел бойынша 190 көппәтерлі тұрғын үй, 28 ПИК және 51 табиғи монополия субъектілері іріктеліп алынды. Бірыңғай ақпараттық жүйе 24/7 онлайн режимінде тұрғындардың өз үйлерін басқаруға қатысу мүмкіндігін береді. Яғни, үйді күтіп ұстау шығындарын үйлестіру және басқарушы компанияның шоттарындағы қаражаттың жұмсалуын бақылау арқылы үйді басқарудың ашықтығын қамтамасыз етеді.

Тұрғындар үшінші тұлғалардың қатысуынсыз-ақ, дер кезінде есептерге бақылау жасай алады.

Тұрғын үй қоры мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметі басқарушы компанияның қызмет сапасын арттырады және ТҮКШ саласы бойынша әр тұрғын үшін «бір терезе» болады, деп күтілуде.

Вице-министр МИР РК К. Ускенбаев: «Цель законопроекта –прозрачность управления домом и повышение качества услуг ЖКХ»

Вице-министр МИР РК К. Ускенбаев: «Цель законопроекта –прозрачность управления домом и повышение качества услуг ЖКХ»