
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұжымы әріптесіміз Нұрсұлтан Жиенбаевты жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтайды.
ҚР ИИДМ «Қазақстандық ТКШ жаңғырту мен дамыту орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрсұлтан Жиенбаев Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Енді Нұрсұлтан Ринатұлы өңірде энергетика, ТКШ және ТЖ мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
Нұрсұлтан Жиенбаев 1981 жылы Алматыда дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар.
Жиырма жылдан астам мемлекеттік ірі және жеке ұйымдарда жұмыс істеген.
Еңбек жолын 1999 жылы «KAZAKHGAS «Республикалық компаниясы» АҚ клиринг департаментінің келісім-шарттар жөніндегі менеджері болып бастады. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттікте, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ-да жұмыс істеді. Он жылдан астам бизнес-құрылымдарында жұмыс істеді. «KAZAKH Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды. 2017 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Қазақстандық ТКШ жаңғырту мен дамытудың орталығы» АҚ Басқарма төрағасы болып қызмет атқарды. «ҚазОрталығының ТКШ» басшысы лауазымында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелерімен, атап айтқанда, көп пәтерлі үйлерді басқару жөніндегі реформамен айналысты.