Қазақстан метрология институтына 22 жыл

Қазақстан метрология институтына 22 жыл

1996 жылы 1 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1342 қаулысымен "Қазақстан метрология институты" РМК құрылды.

22 жыл ішінде Қазақстан метрология институты өлшеу нәтижелерін тұтынушылар, өлшеу құралдарын өндірушілер мен пайдаланушылар болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, жеке сектор арасындағы байланыстырушы буын, отандық метрологияны дамыту орталығына айналды.

Институт республикада өткізілетін өлшеулердің дәлдігі мен шынайылығына халықаралық сенімді және тануды жеңіп алды. Метрикалық конвенцияның – түрлі елдерде метрологиялық стандарттардың бірлігін қамтамасыз ету үшін қызмет ететін халықаралық шарттың толық құқылы мүшесі. Сондай-ақ, метрология бойынша,

  • Халықаралық өлшемдер және таразылар бюросы (ХӨТБ);
  • Заңнамалық метрологияның халықаралық ұйымы (ЗМХҰ);
  • Мемлекеттік метрологиялық мекемелердің Еуро-Азиялық ынтымақтастығы (КООМЕТ);
  • Азия-Тынық мұхиты метрологиялық бағдарламасы (APMP) халықаралық ұйымдардың тануынна қол жеткізді.

Метрология институты республиканың метрологиялық инфрақұрылымын дамыту үшін көп нәрсе жасады және әлі де жұмыстар жалғасатын болады.