
Астанада Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ және «ТКШ-ны дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС ұйымдастырған өңірлік конференция өтті. Конференцияның өңірлерде, қалаларда және аудандарда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың проблемалары мен келешегі бойынша диалог пен пікірталас алаңын құру мақсатында өтті.
Белгілі болғандай, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі қолданыстағы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде қаралып жатқан басқа да нормативтік құқықтық актілерге өзгертулер әзірленді. ҚР ИДМ Құрылыс саласын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту департаменті директорының орынбасары Марғұлан Әбдікәрімов заң жобасына енгізілген негізгі тұжырымдамалық өзгертулер туралы айтты. Бұлар – меншік иелерінің бірлестігін құру, көппәтерлі тұрғын үйлерді (КПТҮ) күрделі жөндеуге қаражат жинау тетігін регламенттеу, пайдалану шығындарының ең аз мөлшерін белгілеу, жергілікті атқарушы органдардың жаңа өкілеттіктерін енгізу, лифтілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық реттеу, тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің қызметін жетілдіру және тағы басқалар.
Заң жобасындағы жаңалықтарының бірі тұрғын үй қоры мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы үшін бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу. Ол республикалық деңгейде саланың барлық деректерін жүйелеуге және ТКШ саласында бірыңғай ақпараттық кеңістікті құруға мүмкіндік береді. «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ өкілдері осы жобаның қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы айтып берді, сондай-ақ қаржылық лизинг механизмі арқылы КПТҮ-де үйге ортақ есепке алу құралдарын орнату туралы ақпарат берді.
Конференция барысында БҰҰДБ-ЖЭҚ және ҚР Үкіметі жобаларының үйлестірушісі Александр Белый көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңғыртуды қаржыландыру бойынша БҰҰДБ тәжірибесімен және ұсыныстарымен бөлісті. «Қоғамдық Қорғаушы» ӨҚҰ басқармасының төрағасы Виктор Сыздықов меншік иелері бірлестігін жүзеге асыру тетігін түсіндірді, «BI Service» дивизионының «Таун Сервис» ЖШС Рауан Жанғалиев КПТҮ-ге қызмет көрсету тәжірибесі туралы әңгімелеп берді.
Жалпы, конференцияға мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің, тұрғын үй инспекцияларының, коммуналдық кәсіпорындардың, мемлекеттік органдардың және халықаралық ұйымдардың басшылары мен мамандарын қосқанда 120-дан астам адам қатысты.