Биыл 9 айда көлік қызметінен түскен кіріс 17%-ға өсті

Биыл 9 айда көлік қызметінен түскен кіріс 17%-ға өсті

2018 жылдың қаңтар-қыркүйек кезеңінде көлік кешені бойынша нақты көлем индексі 104,6% құрады, бұл көрсеткіштің бойынша базалық мәні 2017 жылдың сәйкес кезеңінде 104,7%-ды құраған болатын.

Көлік қызметінен түскен кіріс 17% өсіп, 2 076 435,4 млн. теңгеге жетті (2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте – 1 774 167,4 млн. теңге).

Көліктің барлық түрімен тасымалданған жүктің көлемі 5,9%-ға өсті және 2 945,7 млн. тонна (2017 жылғы қаңтар-қыркүйек – 2 782,7 млн. тонна) болды. Жүк айналымы 8,9%-ға өсіп, 438 129,7 млн. ткм (2017 жылғы қаңтар-қыркүйек – 402 429,4 млн. ткм) құрады.

Тасымалданған жолаушылар саны 2% өсті және 16 966,4 млн. адамды құрады. Жолаушылар айналымы 208 987,3 млн. жкм құрап, 4,2%-ғаөсті.

Жүк тасымалының өсімі теміржол көлігі саласында байқалады. Жүк тасымалы 295 млн. тоннаны құрап, 7,1%-ға өсті.  Бұл 2017 жылы 275,4 млн. тоннаболған еді. Жүк айналымы 209 355,7 млн. ткм құрап, 10,2%-ға өсті.

Автомобиль көлігімен 2 437,6 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2017 жылғы қаңтар-қыркүйек – 2 331 млн. тонна) 4,6%-ға өсті. Жүк айналымы 123 192,7 млн. ткм құрады және 7,1% өсті (2017 жылғы қаңтар-қыркүйек – 115 016,4 млн. ткм).

2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында контейнерлік тасымалдың жалпы көлемі 356,8 мың ЖФБ құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46%-ға өсті (2017 жылғы қаңтар-қыркүйек – 242,9 мың ЖФБ).

Бұл көрсеткіш ҚХР-ЕО-ҚХР бағыты бойынша 203 мың ЖФБ құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 69%-ға өсті (2017 жылғы қаңтар-қыркүйек – 120 мың ЖФБ).