Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Құрметті

қорғаныс өнеркәсібі кешенінің өкілдері!

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұжымы Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күнімен құттықтайды!

Сіздердің еңбектеріңіз Отанымыздың ұлттық қауіпсіздігін тікелей қамтамасыз етеді. Кәсіпорындар ел әлеуетін арттыруға қажетті заманауи өнімдер өндірісін игерді. Қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары инженерлік-техникалық тұрғыдан үздіксіз дамып келеді. Конструкторлық шешімдер мемлекет қорғанысында ғана емес, азаматтық салада да қолданылады. Короновирустық инфекцияға байланысты бүгінгі сын-тегеуріндерге қарсы күрестегі міндеттерді шешу бағытындағы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің жұмысы осының айқын дәлел болады: өкпені жасанды желдету аппараттары, жергілікті учаскелерді залалсыздандыруды қамтамасыз ететін медициналық бұйымдар өндірісі жедел игерілді.

Қазақстандық қорғаныс өнеркәсібі саласы мамандарына  мықты денсаулық, амандық, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған жұмыстарында сарқылмас күш-жігер тілейміз.