
Ереван қаласында (Армения Республикасы) өткен Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің отырысында өсімдіктерді қорғайтын химиялық құралдарының (ӨҚХҚ) өндірісінде қолданылатын бірқатар химиялық қосындылардың кедендік баж салығының ставкаларын алып тастау туралы шешім қабылданды. Олардың қатарына жай хош иісті эфирлер, күкірт органикалық қосындылар, тұзды амидтер және т.б. жатады. Бұл шара екі жылда қолданысқа енгізілетін болады.
Бұл ретте, циклдік амидтер және оның туындылары сияқты Еураз ЭС сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының 2924 29 990 0 позициялы таурларына үнемі 0% ставка болады. Бүгінгі күні, бұл тауарларға баждар 3-5% құрайды.
Орнатылған шара ӨҚХҚ өндірушілерін қолдауға, ЕуразЭС мүше-мемлекеттерде қазіргі заманғы аса тиімді ӨҚХҚ өндірісін дамытуға, соның ішінде өнім шығындарын және оны дайындаудың өзіндік құнын төмендетуге бағытталған.
Көрсетілген шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 30 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.