Техникалық қадағалауды жүргізетін заңды тұлғаларды аккредиттеу толығымен электрондық форматқа ауыстырылды

Техникалық қадағалауды жүргізетін заңды тұлғаларды аккредиттеу толығымен электрондық форматқа ауыстырылды

Бұл мемлекеттік қызмет бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі нысандарға техникалық қадағалау және тексеру жүргізетін заңды тұлғаларға арналған. Аккредитттеу нәтижесін ақпараттық жүйелердегі мәліметтер негізінде компьютер береді. Осылайша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен адам факторының әсері толығымен жойылады.

Қызмет көрсету мерзімі 15 жұмыс күнінен 20-40 минутқа дейін қысқартылды.

Анықтамалық:

Мемлекеттік қызметті алу рәсімі бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалармен және рұқсат беру талаптарымен айқындалған (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 709 бұйрығы).