Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұжымы Нығметжан Қабатайұлы Есенғаринді туған күнімен құттықтайды.

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұжымы Нығметжан Қабатайұлы Есенғаринді туған күнімен құттықтайды.

Нығметжан Қабатайұлы Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері ретінде өз елімізде және алыс-жақын шетелдерде кеңінен танымал. Жас шағынан еңбекке етене араласып, қиын да жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Оның ішінде теміржол, көлік салаларының түрлі бағыттарында аянбай еңбек етіп, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстаның тұңғыш Көлік министрі ретінде тарихта қалды. Халықаралық ұйымдарда Отанымыздың мүддесін қорғап, көптеген іргелі істердің ұйытқысы бола білді. Ерен еңбегінің арқасында құрметті демалысқа шықса да, әлі күнге ел игілігі жолында қызмет етіп келеді.

Бүгінгі туған күніңізбен құттықтай отырып, Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат-қуат, әулетіңізге амандық тілейміз!