Құрылыс материалдарын өндірушілер мемлекеттік сметалық-нормативтік базаға енгізуге өтініш бере алады

Құрылыс материалдарын өндірушілер мемлекеттік сметалық-нормативтік базаға енгізуге өтініш бере алады

Құрылыс ресурстары мен құрылысқа арналған жүктерді тасымалдау қызметтерге арналған сметалық бағалар мемлекеттік инвестициялар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен салынатын кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылыс салу, реконструкциялау, кеңейту, ғимараттарды күрделі жөндеудің сметалық құнын айқындау кезінде қолданылады.

Осыған байланысты сметалық-нормативтік базаны (СНБ) ағымдағы бағалар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін құрылыс материалдары мен ресурстардың бағаларына тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.

СНБ-да жоқ қандайда бір құрылыс материалының (ресурсының) бағасы туралы ақпаратты енгізу үшін ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне (ҚР ҚжТКШІК) баға және техникалық ақпараты (техникалық сипаттамалары толық сипатталған каталогтар, сәйкестік сертификаттары, сынау хаттамалары) бар тиісті сұрату жіберу қажет.

Бұл базаға деректер енгізу мемлекеттік инвестициялар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен салынатын жобаларға отандық тауар өндірушілердің басымдықпен қатысуына мүмкіндік береді.

Аталған шара - отандық құрылыс материалдары мен ресурстарының өндірушілерін қолдаудың тағы бір бағыты.

СНБ базасына енгізу үшін қойылатын талаптар туралы ҚР ҚБҚ 8.01-14-2019 «Құрылыс ресурстары мен құрылысқа арналған жүктерді тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге сметалық бағалардың есебі» құжатында танысуға болады.

Қосымша ақпарат алу үшін мына байланыс деректері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз:

8 (7172) 768147 aibatyrova@kazniisa.kz