
2020 жылғы 25 қыркүйекте "Эйр Астана" АҚ әуекомпаниясының тіркеу нөмірі Р4HA E290 әуе кемесі (Эмбраер-190) Қызылорда-Алматы бағыты бойынша KZR 986 рейсімен ұшу кезінде диспетчерлерге техникалық себептермен Шымкент қаласының қосалқы әуеайлағына қону туралы хабарлады.
Отырғызу 17.51-де Шымкент қаласының әуежайында сәтті жүргізілді.
Әуе компанияның алдын-ала мәліметтері бойынша техникалық себеп: техникалық бөлікте түтін дабылының іске қосылуы. Ұшу қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес әуе кемесінің командирі қосалқы әуеайлаққа кетуге шешім қабылдады.