Қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті орган жүргізетін кешенді сараптама әзірленген жою жоспарының Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 386 бұйрығымен бекітілген жою жоспарын және қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарларын жоюдың шамамен алғандағы құнын есептеу әдістемесін жасау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкестігін тексеруге бағытталған.
Қатты пайдалы қазбаларды (ҚПҚ) жер қойнауын пайдалану салдарын жою жоспарына кешенді сараптама жүргізуді Қазақстан Республикасы ИИДМ Жер қойнауын пайдалану департаменті жүргізеді.
Кең таралған пайдалы қазбаларда жер қойнауын пайдалану салдарын жою жоспарына кешенді сараптама ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттері жүргізеді.
ҚПҚ-ға сәйкес жер қойнауын пайдалану салдарын жою жоспарларына қатысты сұрақтар бойынша сіз Жер қойнауын пайдалану департаментімен байланысуға болады: 8 (7172) 983-418 - А.Б. Имашев, 8 (7172) 983-423 - Асанов А.К., 8 (7172) 983-411 - Юсупов Қ.Д.