«Автомобиль, теміржол, ішкі су көлігі және сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1205 және Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 823 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бұйрығының жобасы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ.
Бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 27 маусымдағы № 129-VII Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы өкімнің жобасына сәйкес өзгерістер енгізу туралы бұйрық.
Жоба 2022 жылғы 29 шілде де «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14169421).