«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 195 және 215-баптарына сәйкес ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін жер қойнауын пайдаланушылар келісімшарттық және лицензиялық міндеттемелердің орындалуы туралы есептілікті ұсынуы қажет.
Жер қойнауын пайдаланушылардың қатты пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидалары
Сонымен, Ереженің 6 және 7-тармақтарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар есептерді ұсынады:
- «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» (ҚР ЖП БМБЖ ИИС) ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша және жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға (ҚР ҮКДСМ Геология комитетінің тиісті өңіраралық Департаменті));
- жер қойнауын пайдалану лицензиялары бойынша тек қана жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға (ҚР ҮКДСМ Геология комитетінің тиісті өңіраралық Департаменті).