Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда көрсетілген қаулылары заңға тәуелді актілері болып табылатын «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылғанына байланысты әзірленген.
Аталған қаулыны қабылдаудың мақсаты «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағын орындау (жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылған жағдайда, оны іске асыру үшін қабылданған төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің де күші жойылды деп тануға жатады) болып табылады.
Жоба 2022 жылғы 31 наурызда «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov. kz/arm/admin/viewcard?id=2056078).