«Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар қызметінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің2018 жылғы 31 қазандағы № 757 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 52 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескенбұйрығының жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Министрлік «Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар қызметінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 757 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 52 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Бұйрық) әзірледі, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы16 шілдедегі Заңының 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу жөніндегі нормативтік құжатты бекіту мақсатында.
Бұйрық 2020 жылғы 18наурызда «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған. (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=3415709).