«Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына өзгеріс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23-8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.Склярдың 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 17-13/06-340 (2.3 т.) тапсырмасын орындау үшін ««Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына өзгеріс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық жобасын (бұдан әрі – Бұйрық) әзірледі.
Бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты электр көлігінің өсуін ынталандыру болып табылады.
Бұйрық 2021 жылғы «2» желтоқсанда «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13559444).