«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі ҚР Заңы 13-бабының 1-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық) әзірленді.
Бұйрықты қабылдаудың мақсаты сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісін ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің ережелерімен сәйкес келтіру болып табылады.
Бұйрық 2021 жылғы 24 қарашада «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov. kz/arm/admin/viewcard?id=2056078).