Меню

Страницы

Статья

«Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бұйрығының жобасына

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Жоба Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 146-ө өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасында автомобиль көлігімен қалалық жолаушылар тасымалын дамыту жөніндегі шаралар кешенін 7-тармағын, 2021 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ұ. Маминнің басшылығымен цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы комиссия отырысы хаттамасының 3.7.2.1-тармағын, сондай-ақ 2021 жылғы 24 сәуірдегі Бизнестің проблемалық мәселелерін қарау жөніндегі кеңес хаттамасының 3-тармағын іске асыру үшін әзірленді.

Жоба жолақысын электрондық төлеу жүйесі арқылы жолаушылар тасымалынан түсетін табыс туралы мәліметті ескере отырып, субсидиялар көлемін автоматты түрде анықтау мүмкіндігін беру, жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік маңызы бар автобус тасымалдарын субсидиялау және тарифтік комиссияның жұмысы жөніндегі есептілікті ұсыну тәртібін енгізу, сондай-ақ билеттерді сату туралы мәліметтерді жолақыны электрондық төлеу жүйесі арқылы растау бөлігінде нормаларды көздейді.

Жоба 2021 жылғы «24» қарашада «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13287972).

Дата публикации
26 ноября 2021
Дата обновления
26 ноября 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
02 июля 2026
Тауар карточкасына АГСК-3 кодтарын қосу жөніндегі нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
26 февраля 2026
$100 млн және жаңа жобалар: Ерсайын Нағаспаевтың Германияға іссапарының қорытындысы
16 февраля 2026
Тізілімінен үзінді жүктеу тәртібі бойынша бейненұсқаулық

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы