«АУЫЛДА, КЕНТТЕ, АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕ ЖҰМЫСКЕРЛЕРГЕ ТҰРҒЫНЖАЙ САЛҒАН ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ ШЫҒЫНДАРЫН СУБСИДИЯЛАУ ҚАҒИДАЛАРЫ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ ҚАУЛЫСЫНЫҢ ЖОБАСЫНА
(БҰДАН ӘРІ – ҚАУЛЫ) БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қаулы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 413 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 61.3-тармағын, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Е.Ж.Қошановтың 2021 жылғы 13 наурыздағы № 21-01-38 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылғы 25 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2-тармағын орындау үшін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 729 қаулысымен бекітілген «Қуатты өңірлер – елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі жоспар – кестенің 12-іс-шарасының 2-міндетіне сәйкес әзірленген.
Бұйрық 2021 жылғы 3 қарашада «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=12689984).