«ШАҒЫН КӨЛЕМДІ КЕМЕЛЕРДІ ЖӘНЕ ОЛАР ТОҚТАУҒА АРНАЛҒАН БАЗАЛАРДЫ (ҚҰРЫЛЫСТАРДЫ) ПАЙДАЛАНУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒЫ 27 НАУРЫЗДАҒЫ № 354 БҰЙРЫҒЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ БҰЙРЫҚ ЖОБАСЫНА
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ.
Бұйрықтың жобасы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-19) тармақшасына және «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-22) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 586-бабына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Жоба 2021 жылғы «7» қазандағы «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=11995838).