«Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және олардың қадағалануы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық жобасына
Баспасөз релизі
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11-3) тармақшасына сәйкес Министрлік «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және олардың қадағалануы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық жобасын (бұдан әрі - Бұйрық) әзірледі.
Бұйрық жобасы «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау және қадағалау тәртібін айқындайды., Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесінің жұмыс істеуін жедел қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
Бұйрық жобасы 2021 жылғы «22» қыркүйекте «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=11651522).