Меню

Страницы

Статья

Азаматтық авиация

Азаматтық авиация саласы елдің көлік-коммуникация кешенінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Соңғы бірнеше жылда саланың негізгі көрсеткіштерінің серпіні тұрақты өсуді көрсетті. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 8,6 млн.астам жолаушы тасымалданды, өсім 9%-ды құрады. ҚР әуежайларында қызмет көрсетілген жолаушылар саны 17,7 млн.адамды құрады, өсім - 12%. Жыл сайын транзиттік жолаушылар ағыны және біздің еліміз арқылы транзиттік авиаұшулар саны ұлғайды.

Өкінішке орай, азаматтық авиация пандемияның таралуына байланысты ең көп зардап шеккен салалардың бірі болды. 2020 жылы негізгі көрсеткіштер бойынша 35%-40% төмендеді.

2021 жылдың басынан бастап ұшуды біртіндеп қалпына келтіргеннен кейін пандемиялық 2020 жылмен салыстырғанда да, 2019 жылмен салыстырғанда да негізгі көрсеткіштердің өсуі байқалады.

Бүгінгі таңда ішкі рейстер толық қалпына келтірілді және елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, халықаралық рейстер кезең-кезеңімен қайта жанданды.

Әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғырту жалғасуда. 2020 жылы түркі әлемінің рухани орталығы – Түркістан қаласының жаңа әуежайы іске қосылды. Шымкент әуежайының жаңа терминалының құрылысы, Орал әуежайының терминалын, Өскемен әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту және Үржар мен Үшарал әуежайларын жаңғырту жалғасуда.

Елімізде 55 авиакомпания жұмыс істейді, оның ішінде 7 авиакомпания тұрақты авиатасымалдарды жүзеге асырады (Air Astana, Fly Arystan, SCAT, Qazaq Air, Жезқазған Эйр, Жетісу, Южное небо).

Бүгінде Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес ұшу қауіпсіздігі деңгейі бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында 74% көрсеткішпен II орын алады, ал әуежайлардың қауіпсіздік деңгейі 83% құрайды. Бұл көрсеткіштер орташа әлемдік деңгейден жоғары және еуропа елдерінің деңгейімен сәйкес келеді.

«100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының 68-қадамы шеңберінде еуропалық модель негізінде азаматтық авиацияны реттеу тәсілдерін реформалау жүргізілді. Заңнамаға өзгерістер енгізілді және «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ құрылды. Жаңа тәсіл ИКАО, Британдық азаматтық авиация агенттігі (UKCAA) және Еуропалық ұшу қауіпсіздігі агенттігі (EASA) ұсынған стандарттар мен тәжірибеге толық сәйкес келеді.

Ұшу қауіпсіздігін бақылау мен қадағалаудың тиімділігін арттыру бойынша Қазақстанның жетістіктерін әлемдік авиациялық қоғамдастық жоғары бағалады.

Дата публикации
03 марта 2020
Дата обновления
03 марта 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
02 июля 2026
Тауар карточкасына АГСК-3 кодтарын қосу жөніндегі нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
26 февраля 2026
$100 млн және жаңа жобалар: Ерсайын Нағаспаевтың Германияға іссапарының қорытындысы
16 февраля 2026
Тізілімінен үзінді жүктеу тәртібі бойынша бейненұсқаулық

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы