«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ.
Жоба Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 146-ө өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасында автомобиль көлігімен қалалық жолаушылар тасымалын дамыту жөніндегі шаралар кешенін 11-тармағын іске асыру үшін әзірленді.
Жоба мемлекет қатысатын жаңа автобус кәсіпорындары үшін «автобус тасымалын» қоспағанда, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі коммуналдық меншіктегі заңды тұлғалар және мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді заңды тұлғалары және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін өзектілендіруді көздейді.
Жоба 2021 жылғы «8» қыркүйекте «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған (legalacts.egov.kz/npa/view?id=11349975).