«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11-3) тармақшасына және 2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімге сәйкес Министрлік «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясының таңбалауында қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі - ҚРҮҚ) әзірледі.
Жоба «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау және қадағалау тәртібін айқындайды., Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесінің жұмыс істеуін жедел қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
ҚРҮҚ 2021 жылғы «08» қыркүйекте «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=11349447).