«Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ.
«Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23-16) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 ж. 25.11. № 146-ө өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасында автомобиль көлігімен қалалық жолаушылар тасымалын дамыту жөніндегі шаралар кешенінің 7-тармағын, сондай-ақ 2021 ж. 24.04. Бизнестің проблемалық мәселелерін қарау жөніндегі кеңес хаттамасының 3-тармағын (2021 ж. 28.04. № 20-05/05-2749) орындау үшін ««Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық жобасын (бұдан әрі – Бұйрық) әзірледі.
Бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты тасымалдаушылардың әлеуметтік маңызы бар маршруттарға субсидия алу үшін беретін билеттерді сату туралы мәліметтерді жолақыны электрондық төлеу жүйесі арқылы растау бойынша нормасы көзделуде.
Бұйрық 2021 жылғы «7» қыркүйекте «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=11322390).