БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
«Қарағанды облысының Саран қаласында шина өндірісін ұйымдастыру» жобасын лизингтік қаржыландыру үшін кейіннен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамына кредит бере отырып, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына (бұдан әрі – қаулы).
Қаулы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 180 – бабының 2-тармағына, «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2020 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (2021 жылғы 24 мамырдағы өзгерістермен және толықтырулармен) сәйкес әзірленді.
Қаулы 2021 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-порталында орналастырылды(https://www.gov.kz/memleket/entities/miid/documents/details/176700?lang=ru).