Меню

Страницы

Статья

Автомобиль жолдары

Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары желісінің жалпы ұзындығы – 96 мың км құрайды, оның ішінде:

- республикалық желінің ұзындығы 25 мың км құрайды, оның ішінде жолдардың нормативтік жай – күйдегі үлесі – 89 %.

- жергілікті желінің ұзындығы 71 мың км құрайды, оның ішінде жолдардың нормативтік жай – күйдегі үлесі – 75%.

2019 жылы Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аяқталды, оның шеңберінде республикалық маңызы бар 3 мың км автожол салынды және реконструкцияланды, 7 мың км-ге жуық жол жөнделді, шамамен 100 мың адам іске қосылды.

Сондай-ақ, жергілікті маңызы бар 15 мың км жол жөнделді. Бұл өңірлердің ұтқырлығын жақсартуға мүмкіндік берді және олардың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етті.

2019 жылғы желтоқсанда Инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, оның шеңберінде алдағы 6 жылда 12 мың км автожол (оның ішінде 3,8 мың км өтпелі жобалар) салу және реконструкциялау, сондай-ақ республикалық желінің 11 мың км жолына күрделі және орташа жөндеу жүргізу жоспарлануда.

Осылайша, жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар жолдардың үлесі 100%, І және ІІ техникалық санаттағы жолдардың ұзақтығы 60% дейін жеткізіледі.

Сонымен қатар, Елбасының ел өңірлерін көліктік инфрақұрылыммен қамту бойынша берген тапсырмасына сәйкес облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 27 мың км жөнделіп, жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесі 95% жеткізіледі деп жоспарлануда. (Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды, сондай-ақ көше-жол желілерін дамыту, жөндеу және ұстау жергілікті атқарушы органдардың қарауында болады.)

Дата публикации
18 февраля 2020
Дата обновления
20 сентября 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
02 июля 2026
Тауар карточкасына АГСК-3 кодтарын қосу жөніндегі нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
26 февраля 2026
$100 млн және жаңа жобалар: Ерсайын Нағаспаевтың Германияға іссапарының қорытындысы
16 февраля 2026
Тізілімінен үзінді жүктеу тәртібі бойынша бейненұсқаулық

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы