Меню

Страницы

Статья

Автомобиль көлігі

Теңізге шыға алмайтын ел ретінде Қазақстан үшін автомобиль көлігі Еуропа және Азия елдерімен сыртқы сауданы қамтамасыз етуде өте маңызды рөл атқарады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда шет мемлекеттердің қатысуымен 50-ге жуық бірлескен көлік компаниясы тіркелген.

Қазіргі уақытта 8961 қазақстандық автокөлік компаниясы 32 530 бірлік автокөлік құралы паркімен халықаралық жүк тасымалдау саласында өз қызметін жүзеге асырады, оның ішінде 7 600 бірлік алыс шетелге тасымалдауларды жүзеге асырады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша автокөлік қызметтерінің халықаралық нарығындағы отандық тасымалдаушылардың үлесі 31% - ды құрады. Отандық тасымалдаушылардың үлесін одан әрі ұлғайту мақсатында отандық тасымалдаушылардың мүдделерін ескере отырып, бланкілерді айырбастау квотасын белгілеу бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде.

Бұдан басқа, жолаушыларды тұрақты тасымалдау 2801 тұрақты маршрутта жүзеге асырылады, онда 15,9 мың бірлік автобус паркі бар 1 мыңнан астам тасымалдаушы жұмыс істейді.

Тұрақты маршруттардағы тозған автобустардың үлесі бүгінгі күні 46% - ға дейін төмендеді. Бұған қалалық автобустар паркін жаңарту кезінде қабылданып жатқан мемлекеттік қолдау шаралары ықпал етті. Атап айтқанда, жеңілдетілген лизинг бағдарламасы аясында 2018-2020 жылдары өңірлерге отандық өндірістің 1618 жаңа автобусы жеткізілді (2018 ж. – 45, 2019 ж. - 648, 2020 ж. - 925).

Өңірлерде такси тасымалдауды 10,6 мың бірлік паркі бар 2833 тасымалдаушы жүзеге асырады.

Елімізде 38 автовокзал мен 114 автостанция жұмыс істейді, олар жергілікті атқарушы органдардың тізіліміне енгізілген. Автокөлік саласын дамыту жөніндегі жұмыс, атап айтқанда, жолаушылар тасымалдарының сапасын арттыру бағытында, сондай-ақ Көлік қызметтерінің халықаралық нарығында отандық тасымалдаушылардың тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету бойынша жалғасатын болады.

Дата публикации
18 февраля 2020
Дата обновления
06 октября 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
02 июля 2026
Тауар карточкасына АГСК-3 кодтарын қосу жөніндегі нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
26 февраля 2026
$100 млн және жаңа жобалар: Ерсайын Нағаспаевтың Германияға іссапарының қорытындысы
16 февраля 2026
Тізілімдегі өтінім мәртебесін анықтау тәртібі бойынша бейненұсқаулық

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы