Меню

Страницы

Статья

Теміржол инфрақұрылымы

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында мынадай теміржол желілері салынды:

– 2001 жылы ұзындығы 187 км "Ақсу-Дегелең" темір жол желісі салынды, ол Павлодарды Семеймен байланыстырды.

– 2004  жылы Қостанай және Ақтөбе облыстарын жалғаған ұзындығы 404 км "Хромтау-Алтынсарин" т/ж желісі салынды.

– 2008 жылы Шығыс өңірінің бірыңғай теміржол инфрақұрылымын қалыптастырған ұзындығы 150 км Шар – Өскемен теміржол желісі салынды.

Бұл желілер көрсетілген аймақтар арасында жүк және жолаушылар тасымалы үшін Ресей темір жолын пайдалану қажеттілігін болдырмауға мүмкіндік берді.

– 2012 жылы Қазақстанның батысынан Түрікменстан мен Иран арқылы Парсы шығанағына дейін тікелей маршрутты қамтамасыз ететін ұзындығы 146 км өзен – Қазақстан Республикасының Түркіменстанмен мемлекеттік шекарасы темір жол желісі салынды.

– 2012 жылы ұзындығы 293 км Жетіген – Қорғас теміржол желісі салынды, ол ҚР транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған, Қытайдан Қазақстанның оңтүстік өңірлері мен Орталық Азия елдеріне дейінгі қашықтықты 550 км қысқартуға мүмкіндік берді.

– 2014 жылы ұзындығы 214 км Арқалық – Шұбаркөл теміржол желісі салынды, ол Орталық Қазақстаннан солтүстік өңірлерге қашықтықты 540 км қысқартуға мүмкіндік берді (анықтама: 2015 жылғы желтоқсанда желіні мемлекеттік қабылдау жүзеге асырылды).

– 2014 жылы ұзындығы 1036 км Жезқазған – Бейнеу теміржол желісі салынды, ол Қытайдан Еуропаға дейінгі қашықтықты 1 200 км-ге қысқартуға мүмкіндік берді (анықтама: 2015 жылғы желтоқсанда Жезқазған – Сексеуіл учаскесін мемлекеттік қабылдау жүзеге асырылды).

– 2015 жылы ұзақтығы 14 км Боржақты – Ерсай теміржол желісі салынды, ол Құрық перспективалық портын теміржол магистралімен байланыстырды.

– 2016 жылы "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында
Ұзындығы 112,37 км Алматы – Шу учаскесінде екінші жолдар салынды, бұл республикаішілік жүк тасымалдарын оңтайландыруға және Қытай – Орталық Азия, Парсы шығанағы және кері бағыт бойынша елдің транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жаңа инфрақұрылымдық жобаларды әзірлеу бойынша қатысты мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс жүргізуде.

Екінші жолдардың құрылысы және ұзындығы 833 км "Достық-Мойынты" теміржол учаскесін электрлендіру.

Ұзындығы 260 км болатын Түркістан-Шымкент-Ташкент жоғары жылдамдықты магистралінің құрылысы.

Ұзындығы 115 км "Дарбаза-Мақтаарал" теміржол желісін салу.

Ұзындығы 73 км Алматы станциясын айналып өтетін айналма теміржол желісін салу.

Жоғарыда аталған жобалар "қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері"ұлттық жобасына енгізілгенін атап өту қажет.

Дата публикации
18 февраля 2020
Дата обновления
06 октября 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
02 июля 2026
Тауар карточкасына АГСК-3 кодтарын қосу жөніндегі нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
26 февраля 2026
$100 млн және жаңа жобалар: Ерсайын Нағаспаевтың Германияға іссапарының қорытындысы
16 февраля 2026
Тізілімінен үзінді жүктеу тәртібі бойынша бейненұсқаулық

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы