«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11-1) тармақшасына және 2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімге сәйкес Министрлік «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.
Осы қаулы жобасы Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесінің жұмыс істеуін жедел қамтамасыз ету мақсатында «киім заттары, киімге керек-жарақтар және табиғи теріден жасалған өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындайды.
Жоба 2021 жылғы 15 наурызда «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=7464512).