Меню

Страницы

Статья

Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру мәселелері бойынша құзыретті органның бірыңғай практикасын (бұдан әрі - ТӨӨ) қолдануды қамтамасыз ету бойынша түсіндірулер)

Жер қойнауын пайдаланушы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" ҚР Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттар бойынша барлау сатысында ТӨӨ жүргізуді жоспарлаған жағдайда, келісімшарттың жұмыс бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде Кодекстің 278-бабының 12 және 13-тармақтарының негізінде құзыретті органға жүгіну қажет.

ТӨӨ жүргізу мақсатында келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі мәселені жан-жақты және толық қарау үшін өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру жобасы.

2) Құзыретті орган бекіткен нысан бойынша жасалған жұмыс бағдарламасының жобасы және оған түсіндірме жазба.

3) Ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар қажеттілігінің жазбаша негіздемесі.

ТӨӨ жүргізу қажеттілігінің жазбаша негіздемесі мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:

- пайдалы қазбаның бөлінген өнеркәсіптік (технологиялық) типтері мен сұрыптарының сапасын зерттеу бойынша ірілендірілген-зертханалық үлгілік және сорттық сынамаларды зертханалық зерттеу нәтижелері;

- ҚМК-ның ТӨӨ (жартылай өнеркәсіптік, өнеркәсіптік тәжірибелік өндіру) жүргізу жөніндегі ұсынымдары бар қорларды алдын ала бағалау сараптамасының не ірілендірілген-зертханалық технологиялық зерттеулерден кейін ТӨӨ жүргізу қажеттілігін растайтын құзыретті тұлға дайындаған ресурстар туралы есептің болуы, қорлардың мемлекеттік баланста болуы;

- ҚР СТ 1084-2002 "түсті және сирек металдар кендері. Кендерді технологиялық зерттеу үшін алынатын сынамаларға қойылатын жалпы талаптар»;

- байыту фабрикасы, металлургия зауыты, ТӨӨ өткізу жоспарланған өзге де өндірістік объект туралы мәліметтер. Мәліметтер мыналарды қамтуы тиіс: қайта өңдеудің пайдаланылатын технологиялары, қуаты, сынақтар жүргізу үшін талап етілетін тәуліктік жүктеме;

- мыналарды қамтитын сынақ бағдарламасы: өндірістік объектінің қажетті жүктемесін есептеу, жүргізу мерзімдері, қолданылатын технологиялар;

- жер қойнауын пайдаланушы мәлімдеген сынамалардың талап етілетін көлемі туралы мәліметтерді растайтын өндірістік объектімен алдын ала келісім және т. б.

Жер қойнауын пайдаланушы ТӨӨ жүргізу кезінде ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 25 мамырдағы №392 бұйрығымен бекітілген жер қойнауын пайдаланушылардың геологиялық есептерді және өндірілген қатты пайдалы қазбалар, кең таралған пайдалы қазбалар туралы есептерді, сондай-ақ өндірілген бағалы металдар мен асыл тастар туралы есепті ұсыну қағидаларына сәйкес жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға қорлардың қозғалысы туралы

Келіп түскен материалдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес сараптама комиссиясында қаралады. Келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы келіссөздер жүргізу туралы шешім қабылданған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, құзыретті органға талап етілетін мемлекеттік сараптамалардың қорытындыларын қоса бере отырып, Кодекске сәйкес әзірленген жобалау құжаттарын және тарату жоспарын (жобасын) жұмыс тобының қарауына ұсынуға тиіс.

Құзыретті орган келісімшартқа тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді жүргізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы келіссөздер жүргізу туралы шешім қабылдаған кезде жер қойнауын пайдаланушы толықтыру жобасында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес пайдалы қазбаларды өндіру салығын (ПҚӨС) төлеуді көздеуге міндетті.

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
02 июля 2026
Тауар карточкасына АГСК-3 кодтарын қосу жөніндегі нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
26 февраля 2026
$100 млн және жаңа жобалар: Ерсайын Нағаспаевтың Германияға іссапарының қорытындысы
16 февраля 2026
Тізілімдегі өтінім мәртебесін анықтау тәртібі бойынша бейненұсқаулық

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы