Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және даму министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңына (бұдан әрі – Заң жобасы) сәйкес Министрлікпен «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.
Заң жобасы шеңберінде Жоба стандарттар мен регламенттерде көзделген мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің сипаттамасын қарастырады.
Бұйрық 2020 жылғы «24» қатарда «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2969058).