Меню

Страницы

Статья

«Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 749 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық жобасына баспасөз релизі

 

1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-2-бабының 1-тармағын орындау үшін «Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы   30 қазандағы № 749 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық жобасы әзірленді.

Бұйрық жобасымен әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесіне, әуе көліктегі халықаралық рейстер бойынша ресімделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәліметтерді азаматтық авиация саласындағы  уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға ұсыну бойынша жаңа қызметті енгізуді қарастырады.

Жаңа қызметті енгізу Қазақстанға ұшатын барлық авиакомпаниялардан барлық әуе жолаушылары туралы мәліметтерді жинау үшін Қазақстанда бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу бойынша мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тұжырымдамасы мен келісімшартын орындау болып табылады.

Жоба, сондай-ақ, ҚР-на/нан және ішінде ұшатын жолаушылар туралы мәліметтерді құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға мониторинг жүргізуге және ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін тұлғалар анықтауға бағытталған.

Бұйрық республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді және теріс әлеуметтік экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Бұйрық 2020 жылғы «27» қаңтарда «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған:

 https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2986527.

 

 

Дата публикации
27 января 2020
Дата обновления
27 января 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
02 июля 2026
Тауар карточкасына АГСК-3 кодтарын қосу жөніндегі нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
26 февраля 2026
$100 млн және жаңа жобалар: Ерсайын Нағаспаевтың Германияға іссапарының қорытындысы
16 февраля 2026
Тізілімінен үзінді жүктеу тәртібі бойынша бейненұсқаулық

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы