БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1123 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесіне қосылған бұйрық жобасы.
Жоғарыда көрсетілген Заң шеңберінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне сәйкес әзірленген .
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы шеңберінде, стандарттар мен регламенттерді есепке алмағанда, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін бірыңғай құжатты (қағидаларды) қабылдау бойынша нормалар көзделген.
Сонымен қатар, көрсетілетін қызметті алушылардың «Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін жағдайды жақсарту, осы бағыттағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Министрлік «Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1123 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық жобасын (бұдан әрі – Бұйрық) әзірледі.
Бұйрықты қабылдаудың мақсаты - қызмет көрсету тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес келтіру, және қызметті алуға арналған рұқсат беру талаптарын белгілейтін Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнамасына сәйкес келтіру.
Бұйрық 2020 жылғы «22» қаңтарда «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2952425).