Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асырумен , сонымен бірге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерімен, басқа да әскерлерімен және әскери құралымдарымен, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын жаңа әскери мақсаттағы тауарлармен (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлармен (өнімді) әскери мақсаттағы жұмыстармен және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етумен айналысады.