Меню

Страницы

Статья

«Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттау талаптарын және қарап тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 829 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттау талаптарын және қарап тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 829 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Қаулы жобасы) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 107-бабының 6-тармағына, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына (Халықаралық азаматтық авиация ұйымы туралы конвенцияға 17-қосымша және DOC 8973 авиациялық қауіпсіздік жөніндегі басшылық) сәйкес әзірленді.

Аталған Қаулы жобасын жаңа редакцияда әзірлеу үшін 2019 жылы ИКАО қабылдаған стандарттар мен ұсынылатын практикаға 17-ші түзету, сондай-ақ Қазақстандағы авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО аудитінің қорытындылары жөніндегі ұсынымдар негіз болды.

Атап айтқанда, Қаулы жобасы жабдықтың жаңа түрлерін толықтыруды көздейді (аяқ киімге арналған сканерлеу құрылғысы, адам денесін сканерлеуге арналған құрылғы, компьютерлік томография жүйесі, есірткі заттарын табуға арналған жабдық), оларға қойылатын талаптарды белгілейді, сондай-ақ «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын тексеру жабдығына арналған сынақ үлгілерінің техникалық сипаттамаларын қоса алғанда, анықтаудың ең аз шегінің егжей-тегжейлі баптауларын айқындау азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның құзыретін белгілейді..

Қаулы жобасы республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді және теріс әлеуметтік экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Қаулы жобасы 2020 жылғы 6 қарашада «e-gov» ашық нормативтік құқықтық интернет порталында орналастырыған:

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=5356751.

Дата публикации
13 ноября 2020
Дата обновления
13 ноября 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
02 июля 2026
Тауар карточкасына АГСК-3 кодтарын қосу жөніндегі нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
26 февраля 2026
$100 млн және жаңа жобалар: Ерсайын Нағаспаевтың Германияға іссапарының қорытындысы
16 февраля 2026
Тізілімінен үзінді жүктеу тәртібі бойынша бейненұсқаулық

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы