ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасының Индустрия және Инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретті органы ретінде, бірдей басымдылығы бар өтініш берушілер арасында аукцион (бұдан әрі – аукцион) жариялайды
Бірдей басымдылығы бар өтініш берушілер арасында аукцион қабылдау басталатын және лицензияны беруден бас тарту туралы шешім қабылданбаған бірнеше өтініштерге енгізілген бір және сол бір блок (блоктар) анықталған күннен бастап 2020 жылдың 16 қыркүйектен 16 қазан ішінде келіп түскен, мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына алғаш рет енгізілген аумақтардың шегінде пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензиялар беру туралы өтінішті қарау нәтижелері бойынша 1 кестеде көрсетілген блоктар бойынша өткізіледі.
1. Аукцион мына мекен-жай бойынша өткізіледі: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 32/1-үй, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Аукционның өткізілу күні, орыны және уақыты – 2020 жылдың 27 қараша, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де.
2. Мынадай ақпаратты қамтитын екі және одан да көп өтініш түскен блок (блоктар) туралы мәліметтер:
1 кесте
|
№ |
Блоктың сәйкестендіру нөмірі |
Қол қою бонусының бастапқы мөлшері |
Тиісті блок (блоктар) бойынша аукционға қатысушыларды тіркеу уақытының басталуы мен аяқталуы |
Аукционды өткізу кезектілігі |
|
1 |
L-43-14-(10в-5г-9,10) |
277 800 тенге |
14:30 – 14:45 |
1 |
|
2 |
M-43-128-(10д-5в-15,20,25), M-43-128-(10д-5г-11,16,17,18,21,22,23) |
277 800 тенге |
14:30 – 14:45 |
2 |
Бірдей басымдылығы бар өтініш берушілер арасында аукционды өткізу келесі нормативтік-құқықты актілермен реттеледі:
Анықтама үшін телефондар: (8 7172) 983-411, 983-415.