«Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қолданыстағы құқықтық актілердің қайшылықтарын жою мақсатында «Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы әзірленді (бұдан әрі – Қаулы жобасы).
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 90-бабы 4-тармағына сәйкес осы баптың 2-тармағында көрсетілген объектілерді орналастыру жергілікті атқарушы органдар немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, қаулы жобасын қабылдау өзгерістерге әкеп соғады, оған сәйкес әуеайлақтар аудандарында объектілерді орналастыруға рұқсатты жергілікті атқарушы органдар немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган беретін болады.
Қаулы жобасы 2020 жылғы 28 қыркүйекте «e-gov» (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=5003688) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.