Есептік кезеңде Министрлікке 650 өтініш келіп түсті: арыз – 298; шағым – 68; ұсыныс, үн қосу және сұрау салулар – 284.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен – 40 өтініш (жеке және заңды тұлғалар);
Қазақстан Республикасы Премьер-Министірінің Кеңсесінен – 49 өтініш (жеке және заңды тұлғалар);
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінен – 19 өтініш (жеке және заңды тұлғалар) келіп түсті.
«Электронды үкімет» порталы арқылы 417 (2018 жылғы 1-тоқсанда -189 өтініш, 2019 жылғы 1-тоқсанда – 228 өтініш) өтініш қаралды, бұл жалпы өтініштердің 17% құрады.
Келіп түскен өтініштер көтеріліп отырған мәселелердің сипатына қарай мынадай топтарға бөлінеді:
- тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері – 147;
- өнеркәсіп индустриясы және қауіпсіздігі, экспортты ілгерлету мәселелері – 188;
Есептік кезеңде 530 өтініш белгіленген мерзімде қаралды, оның ішінде жазбаша түсіндірме берілгені – 437; қанағаттандырылғаны – 40; ведомстволық бағыныстыларға жіберілгені – 42; автордың өтінішімен қарау тоқтатылғаны – 7; иесі бүркемеленген – 4.
Министрлік басшылығымен азаматтарды жеке қабылдауды бекітілген азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес белгіленген күні мен уақытта, айына кемінде бір рет өткізеді.
Азаматтарды қабылдау кестесі тоқсан сайын Министрліктің сайтында, «электрондық үкімет» веб-порталында және Министрліктің «Transport Tower» әкімшілік ғимаратының 1-қабатындағы ақпарат стендінде орналастырылады.
Есепті кезеңде қабылданған азаматтардың саны – 18 құрады. Оның ішінде Министрмен қабылданғаны – 9 (оның 1-еуі бейнеконференцбайланыс режимінде және 4-бейнеөтініш), Жауапты хатшымен – 2, Вице-министрлермен – 7 (оның 5-уі «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында (оның 3-еуі бейнеконференцбайланыс режимінде); Комитет басшылығымен – 11 адам қабылданды (оның ішінде Комитет төрағаларымен қабылданғаны – 6 адам, Комитет төрағаларының орынбасарларымен – 5 адам).
Министрлік азаматтардың өтініштеріне күнделікті мониторинг, комитеттер мен құрылымдық бөлімшелерде азаматтар өтініштерінің орындалуы бойынша ай сайын талдау жүргізеді.