Меню

Страницы

Статья

2019 жылғы III тоқсанда Министрлікке келіп түскен заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысты есеп

Есептік кезеңде Министрлікке 2659 өтініш келіп түсті: арыз – 1768; шағым – 239; ұсыныс, үн қосу және сұрау салулар – 652.

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен – 146 өтініш (жеке және заңды  тұлғалар);

Қазақстан Республикасы Премьер-Министірінің Кеңсесінен – 286 өтініш (жеке және заңды тұлғалар);

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінен – 105 өтініш (жеке және заңды тұлғалар) келіп түсті.

«Электронды үкімет» порталы арқылы 922 өтініш қаралды, бұл жалпы өтініштердің 34% құрады.

Келіп түскен өтініштер көтеріліп отырған мәселелердің сипатына қарай мынадай топтарға бөлінеді:

- тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері – 597;

- өнеркәсіп индустриясы және қауіпсіздігі, экспортты ілгерілету мәселелері – 607;

  •  автомобиль,  теміржол  көліктері  және  көліктік  бақылау  мәселелері – 446;
  •  жер қойнауын пайдалану және оған қатысты заңнаманы түсіндіру туралы – 214;
  •  азаматтық авиация және ұшу қауіпсіздігі мәселелері – 115;
  • жол құрылысы және сапасы – 202;
  •  техникалық реттеу және метрология – 112;
  • өзге де мәселелер (мұрағат құжаттарын беру, материалдық көмек, жұмысқа орналастыру және т.б.) – 340.

Есептік кезеңде 2399 өтініш белгіленген мерзімде қаралды, оның ішінде жазбаша түсіндірме берілгені – 1947; қанағаттандырылғаны – 285; ведомстволық бағыныстыларға жіберілгені – 116; автордың өтінішімен  қарау тоқтатылғаны – 35; иесі бүркемеленген – 16.

Министрлік басшылығымен азаматтарды жеке  қабылдауды бекітілген азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес белгіленген күні мен уақытта, айына кемінде бір рет өткізеді.

Азаматтарды қабылдау кестесі тоқсан сайын Министрліктің сайтында, «электрондық үкімет» веб-порталында және  Министрліктің «Transport Tower»  әкімшілік ғимаратының 1-қабатындағы ақпарат стендінде орналастырылады.

2019 жылдың 30 қыркүйегіне алынған мәлімет бойынша Президенттің Виртуалды Қабылдау бөлмесі арқылы -133 өтініш келіп тускен, оның ішінде орындалғаны – 127, орындалуда-6.

Есепті кезеңде қабылданған азаматтардың  саны – 124 құрады. Оның ішінде Министрмен қабылданғаны – 34 (оның 18-і «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында және 9-ы бейнеөтініш (оның 5-еуі онлайн- режимінде), Жауапты хатшымен – 3, Вице-министрлермен – 30, Комитет басшылығымен – 28, Комитет төрағаларының орынбасарларымен -29 адам қабылданды.

Министрлік азаматтардың өтініштеріне күнделікті мониторинг, комитеттер мен құрылымдық бөлімшелерде азаматтар өтініштерінің орындалуы бойынша ай сайын талдау жүргізеді.

Дата публикации
15 октября 2019
Дата обновления
15 октября 2019
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
02 июля 2026
Тауар карточкасына АГСК-3 кодтарын қосу жөніндегі нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
26 февраля 2026
$100 млн және жаңа жобалар: Ерсайын Нағаспаевтың Германияға іссапарының қорытындысы
16 февраля 2026
Тізілімдегі өтінім мәртебесін анықтау тәртібі бойынша бейненұсқаулық

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы