Есептік кезеңде Министрлікке 3796 өтініш келіп түсті: арыз – 2496; шағым – 418; ұсыныс, үн қосу және сұрау салулар – 882.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен – 222 өтініш (жеке және заңды тұлғалар);
Қазақстан Республикасы Премьер-Министірінің Кеңсесінен – 395 өтініш (жеке және заңды тұлғалар);
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатынан 51 және Мәжілісінен – 169 өтініш (жеке және заңды тұлғалар) келіп түсті.
«Электронды үкімет» порталы арқылы 1310 өтініш қаралды, бұл жалпы өтініштердің 34 %-ын құрады.
Келіп түскен өтініштер көтеріліп отырған мәселелердің сипатына қарай мынадай топтарға бөлінеді:
- тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері – 869;
- өнеркәсіп индустриясы және қауіпсіздігі, экспортты ілгерілету мәселелері – 865;
Есептік кезеңде 3670 өтініш белгіленген мерзімде қаралды, оның ішінде жазбаша түсіндірме берілгені – 2929; қанағаттандырылғаны – 450; ведомстволық бағыныстыларға жіберілгені – 212; автордың өтінішімен қарау тоқтатылғаны – 63; иесі бүркемеленген – 16, орындалуда-126.
Министрлік басшылығымен азаматтарды жеке қабылдауды бекітілген азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес белгіленген күні мен уақытта, айына кемінде бір рет өткізеді.
Азаматтарды қабылдау кестесі тоқсан сайын Министрліктің сайтында, «электрондық үкімет» веб-порталында және Министрліктің «Transport Tower» әкімшілік ғимаратының 1-қабатындағы ақпарат стендінде орналастырылады.
2019 жылдың 31 желтоқсанына алынған мәлімет бойынша Президенттің Виртуалды Қабылдау бөлмесі арқылы -195 өтініш келіп тускен, оның ішінде орындалғаны – 193, орындалуда-2.
Есепті кезеңде Министрлік басшылығымен азаматтарды қабылдаудың бекітілген кестесіне сәйкес 157 адам қабылданды, оның ішінде –«Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында -23,бейнеконференция байланыс режимінде -13.
Министрдің қабылдауында- 42, Жауапты хатшыда -4, бірінші вице-министр мен вице-министрлерде -37, Комитет басшылығында -37,Комитет төрағаларының орынбасарларында -37 адам қабылданды. Қабылдау барысында 6 мәселе бойынша оң шешім қабылданды және 134 мәселе бойынша түсініктеме берілді.
Министрлік азаматтардың өтініштеріне күнделікті мониторинг, комитеттер мен құрылымдық бөлімшелерде азаматтар өтініштерінің орындалуы бойынша ай сайын талдау жүргізеді.