«БАСЫМ ТАУАРЛАРДЫҢ ТІЗБЕСІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ БҰЙРЫҒЫНЫҢ ЖОБАСЫНА
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Министрлік «Басым тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) әзірледі.
Бұйрық жобасының қабылдау мақсаты Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру болып табылады.
Бұйрық жобасы 2020 жылғы 29 қазанда ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5013922).