2025 жылғы 7 қараша күні ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Рақымжан Исақұлов Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Күн тәртібінде өнеркәсіп, құрылыс мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, геология мен жер қойнауын пайдалану салаларына қатысты мәселелер.
Кездесу сағат 10:00-де Орал қ., Н.Назарбаева, 201 мекен-жайында өтеді.
Тұрғындар мен БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.