«Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 1083 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 1083 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 30) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Бұйрық келесі жаңалықтарды қарастырады:
- авиациялық қауіпсіздік қызметінің (бұдан әрі-АҚҚ) персоналын жинауға және іріктеуге, оның ішінде қауіпті жүктер бағдарламасы бойынша АҚҚ персоналын даярлауға қойылатын талаптар;
- авиациялық қауіпсіздік бойынша сапаны бақылау аудиторының жұмысына рұқсат беру рәсімінің сипаттамасы;
- техникалық жабдықтар мен қауіпсіздік құралдары, Киберқауіпсіздік бойынша инспекторларды, АҚҚ кинологтарын даярлау және қайта даярлау туралы талап;
- АҚҚ тексеру бөлімшесінің инспекторларын қашықтық режимде жұмысқа жіберу рәсімін жүргізу мүмкіндігі.
Бұйрық республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді және теріс әлеуметтік экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Бұйрық 2020 жылғы 9 қыркүйекте «e-gov» ашық нормативтік құқықтық интернет порталында орналастырыған: