«Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ осындай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 322 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ осындай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 322 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-55) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Бұйрық әуежайлардағы авиациялық қауіпсіздік қызметінің (бұдан әрі – АҚҚ) лауазымдарының тізбесін көздейді, ол үш санатқа бөлінеді: жолаушылар ағыны көп әуежайлар (жылына 1 млн.астам жолаушы), жолаушылар ағыны аз әуежайлар (жылына 300 мыңнан 1 млн.жолаушыға дейін) және жолаушылар ағыны аз әуежайлар (жылына 300 мыңнан аз жолаушы).
Табысы аз әуежайдың АҚҚ басшылары мен мамандары лауазымдарының барлық тізбесінің болуы әуежайдың АҚҚ үлкен штатын ұстау бойынша экономикалық орынсыз және қаржылық ауыртпалық болып табылады.
Сондай-ақ, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі лауазымдар тізбесі орындалатын жұмыстарға байланысты авиакомпаниялар үшін де бөлінген (орындалатын ұшулардың тұрақтылығы, авиакомпаниялардың жолаушылар, жүк рейстерін не авиациялық жұмыстарды жүзеге асыруы).
Бұйрық республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді және теріс әлеуметтік экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Бұйрық 2020 жылғы 9 қыркүйекте «e-gov» ашық нормативтік құқықтық интернет порталында орналастырыған:
https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=4829245.