Меню

Страницы

Статья

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері саласында

Комитет уәкілетті орган және 21 мемлекеттік қызмет бойынша үйлестіруші болып табылады, оның 3 тікелей Комитет және қалған

18 жергілікті атқарушы органдар көрсетеді.

3 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер деректері Комитеттің кеңсесі арқылы қағаз түрінде көрсетіледі.

1-объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу;

2-жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу;

3-бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалау мен техникалық тексеруді жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу.

Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық тексеруді жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеудің қолданыстағы тетігі:

1. Өтініш беруші Комитетке қажетті құжаттар топтамасын береді;

2. Жауапты орындаушы құжаттарды аккредиттеу комиссиясына дайындайды;

3. Аккредиттеу комиссиясы жалпы дауыс беру арқылы шешім қабылдайды;

4. Соның негізінде өтініш берушіге нәтиже жібереді: куәлік немесе бас тарту.

Мемлекеттік қызметті алу үшін техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу үшін құжаттардың ең аз топтамасын беру қажет, барлығы үш құжаттан тұрады:

- белгіленген нысандағы өтініш;

- аттестатталған сарапшылар, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайдың, МТҰ, нормативтік-техникалық әдебиеттің және аккредиттелген зертхананың (меншікті немесе тартылған) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;

- аттестатталған сарапшылардың штаттық құрамы туралы анықтаманың көшірмесі.

техникалық тексеру үшін инженер-геодезист дипломының көшірмесі тағы бір құжат қосылады.

Негізінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері көрсетілетін қызметті алушылардың талаптарын білмегендіктен пайда болады.

Сәулет және қала құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында соңғы 3 жылда заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізілді:

1) жаңа құрылыс және реконструкциялау үшін бастапқы материалдарды беру, эскиздік жобаны келісу бойынша мемлекеттік қызметтер бойынша:

- ұсынылатын құжаттар саны қысқартылды (бастапқы материалдарды беру кезінде топографиялық түсірілімді, жобалауға арналған тапсырманы ұсыну жоққа шығарылды; эскиздік жобаны келісу кезінде – СЖТ, жеке куәлік);

- Мемлекеттік қызметтерді ұсыну мерзімдері оңтайландырылды (бастапқы материалдарды беру кезінде - жобаның күрделілігіне байланысты

40-тан 6-17 жұмыс күніне дейін, эскиздік жобаны келісу - 60-тан 10 жұмыс күніне дейін);

- қала құрылысы кеңесінің нобайлық жобаларды қарауы бойынша талап алынып тасталды;

- инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушілермен берілген техникалық шарттарға сәйкес әзірленген сыртқы инженерлік желілер мен құрылыстардың жобаларын келісу бойынша тыйым салынды.

2) тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жоспарлауға рұқсат беру құжатын алу бойынша норма алынып тасталды;

3) объектіні пайдалануға қабылдау және объектіні пайдалануға қабылдау актісін есепке алу үдерісі оңтайландырылды.

Сондай-ақ жаңа құрылыс пен реконструкциялау үшін бастапқы материалдарды беру, эскиздік жобаны келісу бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер толығымен автоматтандырылған және «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсынылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін одан әрі төмендетуді қамтамасыз ету мақсатында заң жобаларына ұсыныстар берілді:

- құрылыс салушыға құжаттардың толық топтамасын беру бөлігінде (жер учаскесін СЖТ-мен, техникалық шарттармен және топографиямен бірге беру);

- қажет болған жағдайда техникалық шарттарға өзгерістер мен толықтырулар коммуналдық қызметтерді жеткізушілер сәулет органдары арқылы енгізеді.

ЖАО-да мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар.

Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы ҚР заңымен:

- МСҚБ органдарымен құрылыс объектілеріне кедергісіз кіруі алынып тасталды;

- бекітілген тізімдер бойынша ескерту жүйесімен профилактикалық бақылау енгізілді, сол арқылы МСҚБ органдарының кедергісіз тексерулері алынып тасталды, бақылау Тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес қатаң регламентке ауыстырылды;

- құрылыс-монтаждау жұмысын бастау туралы хабарлама алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде инспекцияны жүргізу алып тасталды.

- тексерістерді тіркеу ТБЖ есепке ала отырып, тексеру нәтижелері туралы актілерді және нұсқаманы автоматты түрде қалыптастыра отырып, ЕРСОП жүйесінде жүргізіледі және осы нәтижелер негізінде Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті ТБЖ негізінде жартыжылдық тексерулердің тізімін қалыптастыруды автоматтандыруды жоспарлауда.

Комитет құрылыс саласын цифрландыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту шеңберінде «Е-Құрылыс» ақпараттық жүйесін енгізуде. «Пилоттық» режимде сынақтан өткеннен кейін «Е-Құрылыс» ақпараттық жүйесі еліміздің барлық аумағында енгізілетін болады.

Барлық құрылыс қатысушылары электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен осы порталға қол жеткізе алады. Құрылысқа қатысушылар электрондық түрде өз журналдарын толтырады, ескертулер береді, мердігерлік ұйым ИТҚ жүргізеді, сондай-ақ порталға берілген ескертулерді жою бойынша есепті енгізеді.

Сондай-ақ, жүйеде құрылыстың жоспарлы және нақты кестелері көзделетін болады.

Бұл жүйе технологиялық процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қағаз түрінде мемлекеттік қызмет көрсету және көрсетілетін қызметті алушылармен қарым-қатынастың болуы соңғы уақытта орын алған екі сыбайлас жемқорлық бұзушылық оқиғаларына сол шамада себеп болды.

Мұндай фактілерді болдырмау және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Комитеттің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері (жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу, техникалық қадағалау және техникалық тексеру) толық электрондық форматқа көшірілуде.

Нәтиже ақпараттық жүйелердегі деректер негізінде компьютермен беріледі, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және адам факторының әсерін толығымен жоққа шығарады. Қызмет көрсету мерзімі 15 жұмыс күнінен

20-40 минутқа дейін қысқарады.

Қазіргі уақытта НҚА-ға тиісті өзгерістер енгізілді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру бойынша ақпараттық жүйелерді техникалық дайындау жүріп жатыр.

Сонымен қатар, жобалардың жеке сараптамасын өзін-өзі реттеуге (енгізу мерзімі 2020 жыл) беру бойынша жұмыс жүргізілуде, онда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер (жеке сараптама ұйымдарын аккредиттеу және жобалардың жеке сараптамасы бойынша сарапшыларды аттестаттау) нарыққа беріледі.

Комитет жетекшілік ететін және ЖАО көрсететін құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында мыналар жоспарлануда:

құрылыс қызметіне лицензия берілген құжаттар мен ақпараттық жүйелерде бар мәліметтер негізінде берілетін болады.

Лицензиялау кезінде қолданыстағы мемлекеттік порталдарды интеграциялау арқылы рұқсат беру бақылауы (байланыс) алынып тасталады (мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 15-тен 5 жұмыс күніне дейін қысқарады);

2020 жылдан бастап сарапшыларды аттестаттау кезінде тестілеу рәсімі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне беріледі (мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 30-дан 15 жұмыс күніне дейін қысқарады).

Сыбайлас жемқорлық нормаларын жою шеңберінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті жүзеге асыру және лицензия алу үшін материалдық-техникалық жарақтандыруды нақтылау бойынша бұйрық жобасы әзірленді (қазіргі уақытта ҚР ҰКП-мен пысықталуда).

Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды түсіндіру бойынша 2 семинар өткізілді, олар туралы ақпарат Комитеттің интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» бөлімінде орналастырылуда.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерін анықтау үшін Комитетте «сенім телефоны» (74-16-02) жұмыс істейді. Бүгінгі күнгі жағдай бойынша лауазымды тұлғалардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағымдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарламалар түскен жоқ. Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен стандарттар бекітілген, олар ұйымдардың интернет ресурстарындағы тиісті бөлімдерде орналастырылған.

Дата публикации
27 декабря 2019
Дата обновления
27 декабря 2019
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
02 июля 2026
Тауар карточкасына АГСК-3 кодтарын қосу жөніндегі нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
26 февраля 2026
$100 млн және жаңа жобалар: Ерсайын Нағаспаевтың Германияға іссапарының қорытындысы
16 февраля 2026
Тізілімінен үзінді жүктеу тәртібі бойынша бейненұсқаулық

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы