«БАСЫМ ТАУАРЛАРДЫҢ ТІЗБЕСІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ БҰЙРЫҒЫНЫҢ ЖОБАСЫНА
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗДЕРІ
Министрлік «Басым тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) әзірледі.
Бұйрық жобасының қабылдау мақсаты Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру болып табылады.
Бұйрық жобасы 2020 жылғы 8 қыркүйекте ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4814856).